05/04-7 «ХИУА ЖОЛЫМЕН»
автобуспен, 12 сағ. Ұзақтығы – 390 км
Экскурсия Қарағия ойпатының үстімен, Ұлы Жібек Жолының керуендік соқпақтары өтетін жерлерді кесе отырып, Маңғыстаудағы X-XIIғ.ғ. ең ірі қоныстанулардың бірі - көне қалашықтың жерінде аяқталады. Табиғаттың бірегей туындысы, адамдардың аңыздарымен есілген Шерқала тауының етегінде демалыс.05/04-8 «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ДӘСТҮРІ»
автобуспен, 12 сағ. Ұзақтығы – 390 км
Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрі туралы экскурсия. Қонақ қарсы алу мәдениеті мен дәстүрі туралы біліп, қазақ ұлттық тағамдарының ерекшеліктерімен таныс боласыз. Бағдарламада: «Қазақ киіз үйінің шаңырағы астында» атты экскурсия барысында, Шетпе ауылынан 14 км жерде ораналасқан «Көгез» этно аулында киіз үйлер туралы экскурсия өтеді. Дала поэзиясы болып тұрған құм мен тау көрінісін Айрақты – Шоманай алқабында тамашалайсыз. Алқап бойынша серуен. Айрақты тауының беткейінде тасқа салынған суреттер – Ежелгі адамдардың әлем туралы көзқарасын сипаттайтын Петроглифтерді көресіз.05/04-10 «ТҮП-ҚАРАҒАН - ӨТКЕНІ МЕН ҚАЗІРГІСІ»
автобуспен, 12 сағ. Ұзақтығы 280 км
Экскурсия адам қоғамының тас ғасырынан бүгінге дейінгі даму тарихымен таныстырады, Маңғыстаудың зерттеушілері, саяхатшыларын әңгімелейді, Түп- Қараған бұғазындағы әскери қорғандардың құрылысы туралы құжаттармен, украин ақыны мен суретшісі Т. Г. Шевченконың Маңғыстауда айдалудаболған кезіндегі өмірі мен шығармашылық туындылармен таныстырады. Бағдарламаға этнография, өлкетану мұражайлар, бұрынғы Ново-Петровский қорғаны аумағындағы парк – қорғаны, Баутино поселкесіне бару шаралары енгізілген. Егер Сіздер көп сырлы Туп-Қараған түбегінің ежелгі тарихын парақтағыларың келсе – бұл экскурсия Сіздер үшін.05/04-12 «МАҢҒЫСТАУ АСЫЛ ҚАЗЫНАЛАРЫ»
автобуспен, 12 сағ. Ұзақтығы 260 км05/04-13 «САУРА» КАНЬОНЫНЫҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ»
автобуспен,12 сағ. Ұзақтығы 180 км
Экскурсия Саура табиғи ескерткіші, әртүрлі табиғи жағдайларда теңіз, дала, тау-тастардың арасында өмір сүретін тірі жәндіктер, олардың алуан түрлерімен таныстырады05/04-14 «ЖАҚЫН ДА СЫРҒА ТОЛЫ ТЕҢІЗ ЖӨНІНДЕ»
автобуспен,12 сағ. Ұзақтығы160 км
Жабайы жағажай, ерекше түсті су, жұмбақты жартасты үңгірлер, биік жұрнақты жартас болып Каспий көкшіл толқындарының үстінен көтеріліп тұрған, «Шайтанның саусағы» деп аталған жартас. Бұл теңіз жағалауында оның күші мен әсем көрінісін тамашалап және жай толқынның соғылу ырғағын05/04-15 «ЕЖЕЛГІ ҚАРТ МАҢҒЫСТАУ»
автобуспен, 12 сағ. Ұзақтығы 320 км
Экскурсия IX-XIXғ.ғ. белгіленген 6 діни-қабірлеу кешендерінің (сағананың; қауымның) мемориалдық ескерткіштеріне апарады. Далада жалғыз тұрған сырлы айбынды және көркемді кесенелер, қатаң үнсіз тұрған қорғандар мен тас бейнелер, тасқа салған суреттер галлереялары, сыршылдық, аңыздар мен дастандардың өмірлік шындығы бұл экскурсиядан ұмытылмас әсер қалдырады.05/04 -17 «ӘУЛИЕ ҚАМҚОРШЫЛАР»
автобуспен, 12 сағ. Ұзақтығы 230 км
Маңғыстаудың қасиетті әулиелері туралы дерек беретін экскурсия. Саяхатшылар әулие Қараман ата мешіті мен қорымында болып қайтады. Қараман ата жастардың қамқоршысы аталғандықтан бұл қорымды көру жастарға да қызықты болады. Саяхат Қарақия ойпатының қорық бөлігіне барып, табиғат аясындағы демалумен жалғасады. Керемет табиғат көріністері аясында адам мен табиғат арасындағы үйлесімді сезіне аласыз. Сексеуіл мен жыңғыл шағын орманында серуен,ғажайып мүсінді жартастарды тамашалау05/04-18 «КИЕЛІ ЖӘДІГЕРЛЕР- «БЕКЕТ-АТА», «ШОПАН-АТА»
автобуспен,16 сағ. Ұзақтығы 600 км. Алғашқы150 км асфальт жолмен өтеді,қалған жол грейдер мен ауылдық жолмен өтеді.
Бекет-Атаға жер асты мешітіне тағзым ету рәсімі тағы да бір әулие, аңыз бойынша Бекет-Атаның рұхани ұстазы, Шопан-Атаның жер асты мешітіне түсуден басталады. Маңғыстаудан Хорезмге баратын ескі керуен жолында орналасқан Шопан-Ата діни-қабірлеу кешені (сағанасы, қауымы) Маңғыстау өңіріндегі ең байырғы, ең үлкені. Шопан-Ата жер асты мешітіне түсіп шыққаннан кейін, Сіз сапарыңызды әрі қарай, тағзым ету рәсімінің ең маңызды бөлігі, киеліБекет-Атаның жеріне жалғастырасыз. Әк тау тастарының арасында жатқан иірім-иірім бір аяқ жолмен Бекет-Атаның жер асты мешітіне тусу керек.Бекет-Ата бұрын намазыноқып, балаларды оқытқан кішкентай ғана бөлмеде Сізге намаз оқып, бет сипап шығуға мүмкіндік береді.05/04-19 «ТАМШАЛЫ КАНЬОНЫНА»
автобуспен, 12 сағ. Ұзақтығы 340 км
Маңғыстау табиғатымен таныстыратын, тастың қалай жылайтынын, ол туралы тамаша аңыз естіртетін, керемет каньонға экскурсия.05/04-20 «АҚЖАРТАСТАРДЫҢ ПАТШАЛЫҒЫ»
автобуспен, 12 сағ. Ұзақтығы 220 км
Каспий теңізінің табиғаты, түбектің шөлдері, тауларымен таныстыратын экскурсия. Экскурсия Маңғыстаудың таулы аумағындағы әк жоталармен жалғасады. Демалыс - ғажайып әк жартастар каньонда. Содан кейін Усак атты05/04-21 «ЖЕР СЫРЛАРЫ»
автобуспен, 12 сағ. Ұзақтығы 360 км
Түбектің таулы жерлеріне саяхат. Өлкенің табиғаты, сирек кездесетін өсімдіктері мен айуанаттары жөнінде. Қарғия – Қаракөл қорығының аумағымен өтіп, Қаракөл көліне, Қарақия ойпатына тоқталып, Қаратау жоталарының қасында аяқталады. Бұл жерде Маңғыстау жер қыртыстарының, соның ішінде таулы аймағындағы жер қыртыстарыңың үдерісімен таныстырылады. Демалыс - ғажайып қара тастар үйінділері шоғырланған және түрлі түсті каньонда.05/04-23 «ЖЫҒЫЛҒАН» ОЙЫЛЫМНЫҢ СЫРЛАРЫНА»
автобуспен, 12 сағ. Ұзақтығы 240 км
Дұрыс шеңберді бейнелейтін диаметрі 10 км-дей айлапат, күшті-күшті сырғымалардың үдерістерінен пайда болған, бір шеті теңізге түсіп жатқан